23.12.2016, 18:54
Оқылды: 19

Зеленовтық оқушы халықаралық байқаудан жүлдемен оралды

akkenje_konysbai   20-21 желтоқсанда Ақтөбе қаласында халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Галактика талантов-2016» балалар мен жасөсіпірімдер шығармашылық, халықаралық ашық фестивалі өткен болатын.


Байқауда Р.Рымбаеваның «Қазақ елі» әнін орындаған Белес ауылындағы мектептің 3 сынып оқушысы Ақкенже Қонысбайқызы ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

Айта кетейік, Ақкенженің өнер жолындағы алғашқы баспалдағы  биыл алғаш рет Ә.Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырған «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының облыстық кезеңіне қатысуынан басталған еді.

Аз ғана уақыттың ішінде әнші Индира Расылханның өнер мектебі ұйымдастырған республикалық «Дарын-2016» байқауының облыстық кезеңінде «эстрадалық вокал» жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталып, И.Расылханның шеберлік сыныбынан дәріс алған. Мұнымен қоса «Жеті өнер» шығармашылық орталығы мұрындық болуымен өткен «Дала дарыны» республикалық балалар байқауының Гран-при иегері атанды.

Енді Ақкенже  «Ақ көгершін» халықаралық байқауына қызу дайындық үстінде.

Динара Насыр

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале