31.07.2018, 17:25
Оқылды: 51

Зеленовтық өрендер Ғайсағали ақынның шығармашылығымен танысты

 

гайсака 2Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің балалар кітапханасының оздыруымен аудандық білім беру бөлімінің жас туристер стансасының «Достық» жазғы демалыс лагерінде жасөспірімдердің қатысуымен жерлес ақын Ғайсағали Сейтақтың 60 жасқа толуына орай «Жүрекке жеткен шумақтар» атты поэзия сағаты өтті. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы насихатталды.


 

Белес мектебінің 10 сынып оқушысы Жанай Рахат «Анаға хат», Көшім мектебінің 7 сынып оқушысы Бақтыгерей Әлихан жерлес ақын апамыз Дариға Мұштанованың замандасына арнаған «Туған күн» өлеңін нақышына келтіріп орындап берді.

Кеш соңында «Нарыннан шыққан дарынды ұл» атты кітап көрмесімен таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.

 Ертай БИМҰХАНОВ

Зеленов ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале