31.08.2017, 15:28
Оқылды: 40

Зеленовтық шаруалар оқушыларға көмектесуде

«Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен басталған «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы аясында зеленовтық шаруалар балалардың алаңсыз білім алуына бар жағдайды жасап бағуда.


Балалардың алаңсыз білім алуына қол ұшын берген демеуші, «Сүндетов» шаруа қожалығының иесі Есен Сүндетов Көшім мектебіндегі 1-11 сыныпта оқитын 148 қыз баланың барлығына 1,7 млн қаражатқа бірыңғай мектеп формасын сыйға тартып, 300 мың теңгеге сынып бөлмелерін жөндеген.

Жыл сайын балаларға ерекше қамқорлық танытатын «Киргенев» шаруа қожалығының жетекшісі Қайыржан Киргенев ауданның бес бірдей мектебінің балаларына – 2, 465 500 мың теңгесін арнап, қамқорлық танытты. Атап айтсақ, атымтай азамат Ульянов мектебінің оқушыларына - 626 500 теңге, Первосоветск мектебінің оқушыларына - 506 000 теңге, Зеленов мектебінің өрендеріне - 400 000 теңге, Егіндібұлақ мектебінің шәкірттеріне - 500 000 теңге, Новенький мектебінің балаларына - 433 000 теңге бөліп, мұқтаж отбасылардың алғысына бөленді.

Биыл білім беру бөлімі арқылы аудандағы 46 мектепке жалпыға бірдей білім қорынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар санатындағы 1106 баланы оқу құралымен қамту үшін жергілікті бюджеттен - 2 млн. 474 мың теңге бөлінсе, спорттық киімге - 2 млн. 109 мың теңге бағытталған.  Тамыз айы бойы жалғасқан акцияда 208 адамның қатысуымен 110 рейд ұйымдастырылған. Сондай-ақ аудан бойынша  1511 балаға көмек көрсетіліп, бюджеттен тыс қайырымдылық қолдау арқылы 658 оқушыға 5,285 мың теңгеге оқу құралдары берілген.

Нұржан Дүзбатыр,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале