14.04.2017, 17:30
Оқылды: 30

Зеленовтық шебердің бұйымдары Астана төрінде

Астана қаласындағы «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында республикалық «Жақсыдан шарапат» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Еліміздің бірнеше өңірінен келген мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан бұйымдары қойылған тағылымды шараны «Пана Б» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Жәрмеңке қатысушыларының ішінде жерлесіміз Арман Айтбаев та болды. Оның былғары бұйымдарының сапасы көпшілікке ұнады. Әсіресе шетелдіктер Арман ағамыз жасаған портмонелер мен барсеткаларға, құжат салуға арналған портфельдеріне қызықты.

- Бірінші топ мүгедегі болсам да, қол қусырып қарап отырғанды жаным сүймейді. Қазір өзімнің шағын цехым бар. Сол жерде жасаған бұйымдарымды Астанаға алып келдім. Шараны ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Барлық жағдайымызды жасады. Бұйымдарымызды таныстырып, сатып пұл жасадық. Астанаға жетуіме қол ұшын берген облыстық мүмкіндігі шектеулі еріктілер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжановқа да ризашылығымды білдіргім келеді,-дейді ол.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале