29.05.2018, 17:25
Оқылды: 21

Зеленовтық «Скифы» ансамблі бас жүлдені иеленді

Ақтөбе қаласы күніне орай вокалды аспаптар ансамбльдердің фестиваль-конкурсы өткен болатын.

Ақтөбе облысынан бөлек Атырау мен Маңғыстау және Қызылорда қаласынан келген ансамбльдер бақтарын сынаған өнер жарысында өңір намысын  зеленовтық «Скифы» вокалды аспаптар ансамблі қорғады. Ән жарысында жерлестеріміз «Қорлан», «Әдемі-ау», «Белый теплоход», «После дождя», «Родина моя» сияқты әндер мен Цыган кинофильміндегі «Кездесу» композициясын нақышына келтіре орындап шықты. Нәтижесінде  Н.Байгөзов, М.Сарбөпеев сияқты әділқазылар алқасының оң бағаларын беріп, Зеленов өнерпаздары бас жүлде иеленді.

40 жылдан астам тарихы бар аудан ансамблінің жігіттері бұл жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта репертуарын толықтырып, өнерсүйер қауымын жаңа жеңістерімен қуантпақшы.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале