13.02.2017, 17:41
Оқылды: 17

Зеленовтық спортшылар жүлделі оралды

Ауданда өткен қазақ күресінен ашық біріншілік халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Бауыржан Мамбетовтың жүлдесіне арналған болатын. Орал қаласы мен өңіріміздің Сырым және Қаратөбе аудандарынан барлығы 100-ден астам спортшы қатысқан палуандар белдесуінде зеленовтықтар да қанжығаларын майлап қайтты.

Атап айтар болсақ, 32 келі салмақ дәрежесінде Александр Бердник пен 36 келіде белдесуге шыққан Расул Жолдасов үшінші орыннан көрінсе, Тасқала бозкілемінде жасындай жарқылдаған Мадияр Махамбетияров 55 келіде қарсыластарына дес бермеді. Жас болса да, біраз тәжірибе жинақтаған бапкер Манарбек Кенжеғалиев: -Жарысқа шыққан әр шәкіртіме ризамын. Барлығы да өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Алда өтетін жарыстарда бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз,-дейді.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале