11.07.2018, 15:15
Оқылды: 71

Зеленовтық жастар бас қосты  

 

Zelenov zhastarАудан орталығында аудан әкімі жанындағы жастармен жұмыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.


 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Манарбек Əжкеновтің төрағалығымен өткен кеңеске аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Виктор Баштавенко, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Сәуле Мұқанова, аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысының м.а Айдын Есполов, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауылдық округтердегі жастар ұйымы жетекшілері, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Zelenov zhastar (3)Кеңес жұмысын ашып, жүргізген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Манарбек Əжкенов:

- Бүгінгі таңда ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін елімізде қажетті нәрсенің бәрі бар екендігін айта келіп, негізгі 10 міндетті атап көрсетті.

Жолдаудағы адами капиталды дамыту мақсатында жастарға салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа тарту бойынша Переметный ауылында «Стрит воркаут» және Переметный, Зеленый, Көшім, Мичурин, Белес ауылдық округтерінде жастарға арналған спорт және ойын аландары ашылды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені жастарға қолданысқа берілді.

Zelenov zhastar (1)Аудан орталығында Домбыра мүсіні ашылды. Дариян ауылдық округінде жастарға арналған «Шабыт» коворкинг орталығы ашылған болатын. «Бейбітшілік және келісім», «Астана» саябақтары алдағы уақытта ашылу жоспарлануда, - деп кеңес жұмысына сәттілік тіледі.

Жастарды толғандырған жұмысқа тұру, мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы мен мемлекеттік жастар саясатын жүргізудегі жұмыстар талқыланған жиын барысында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Виктор Баштавенко ауданда қолға алынған мемлекеттік бағдарламлар жайында мағлұмат беріп өтсе, аудан бойынша жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына мамандық тандауда бағыт көрсетуде атқарылған жұмыстар туралы, мектеп түлектерінің тандаған мамандықтары жайында мониторинг жүргізген аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Сәуле Мұқанова жиналғандарға мамандық таңдаудың маңыздылығы жайында айтып өтті.

Zelenov zhastar (2)Сондай-ақ жастардың жазғы мезгілде құқық бұзушылыққа бармауы ішкі істер бөлімінің қатаң бақылауында екендігін аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысының м.а Айдын Есполов баяндап өтті.

Жастар саясаты жайында кеңінен әңгіме өрбіген кеңес соңында аудан жастары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

 Ертай БИМҰХАНОВ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале