30.05.2017, 11:59
Оқылды: 18

Зеленовтық жастар форумда бас қосты

Зеленовтық жастар бүгін «Қазақстан – Ұлы дала елі»  форумында бас қосты.


Күш-жігері тасыған бір топ айбатты да қайратты, еңбекқор да өнерлі жастарымызды аудан әкімі атынан марапаттау үшін Асылұлан Тұрсынұлы сахна төріне көтерілді. Айтулы шараның мән-маңыздылығына  тоқталған А.Досжанов мемлекеттік  жастар саясатын  жүзеге  асыруда   үлес қосып,  ауданның қоғамдық-саяси жұмысының  бел ортасында жүрген жастарға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Олардың арасында Зеленов колледжі директорының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Дархан Қажымұратов, аудандық жұмыспен қамту орталығының өрлеу бағдарламасы бойынша ассистенті Сәния Альмуханова, Зеленов мектебінің тәлімгері Райгүл Ділмұханова, Рубежин ауылдық округі әкімі аппаратының статисі Екатерина Колбанова, Батурин мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бекежан Жұмағалиев, Егіндібұлақ мектебінің тарих пәні мұғалімі Анастасия Отрышко, Чиров мектебінің мұғалімі Юлия Емуранова бар.

Форумды аудан өнерпаздары әсем әндерімен әрлеп, шырайландыра түсті.

Динара НАСЫР,

Суреттерді түсірген автор

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале