17.10.2018, 12:48
Оқылды: 83

Зеленовтық журналистің фотокөрмесі ұйымдастырылды

Зеленов ауданында «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалы – «Ауыл тынысы» газетінің фототілшісі Түгелбай Бисеннің «Елім менің!» атты фотокөрмесі ашылды.

korme (2)

 Аудандық тарихи-өлкетану музейінің фойесінде өткен фотокөрменің ашылу салтанатында сөз алған аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Ертай Бимұханов, музей меңгерушісі Нұржан Дүзбатыров фототілші Түгелбай Кенжеғалиұлының шығармашылығына табыс тілеп, автор туындыларының ерекшелігіне тоқталды.

- Бүгінгі күні ел назарына ұсынылып отырған әріптесіміз Түгелбай Кенжеғалиұлының «Елім менің!» фото көрмесі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отыр. Көрменің басты мақсаты – кейінгі толқын жастарды туған жерді қадір тұтуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Біз болашақта әріптесіміздің көрмесі бұдан да жоғары деңгейде, облыс орталықтарында өтеді деген ойдамыз, - дейді аудандық басылымның бас редакторы Ертай Сағындықұлы.

Айта кету керек, аталмыш көрмені аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.

         Талантты фотографтың көрмесінде табиғат, спорт, өнер тақырыбындағы, Астананың көрікті жерлері бейнеленген суреттер бар. Оқушылар мен мекеме қызметкерлері, жалпы аудан тұрғындары келіп тамашалауда.

Бейбіт заманда, азат елдің қойнауында ғұмыр кешіп келетін халықтың өмірі мен кең дала төсіндегі тыныс-тіршілік сәттеріне жұртшылық тәнті болды.

         «Көрме апта соңына дейін жалғасады. Келіп тамашалаушыларға есік айқара ашық» дейді ұйымдастырушы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы кеңесшісі Назгүл Жанғали.

Нұрлыбек МҰХАМБЕТИЯРОВ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

korme (3) korme (4) korme (8) korme (10)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале