10.09.2018, 15:35
Оқылды: 50

Зеленовтықтар ел біріншілігінен олжалы оралды

Жаяу спорттық бағдарлаудан өткен биылға ел чемпионаты өңір спортшылары үшін табысты болды.

IMG-20180910-WA0017

Қыркүйіктің 4-і мен 8-і аралығында Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында  өткен байрақты бәсекеге облыс намысын қорғай барған зеленовтық Естай Кенгесбаев пен Ерасыл Серікұлы жақсы нәтижелерімен қуантты.

Алдымен қос оғланымыз ұзақ қашықтықта қола еншілеп қуантса, спринт бәсекесінде жарыс жолына шыққан Ерасыл Серікұлы алдына жан салмай, ел чемпионы атанды.

Сондай-ақ спортшылар командалық эстафетада күміс еншіледі.

Бұдан бөлек үлкен бәсекелерге жаңа қосылған Нұркен Қасымов үздік ондыққа ілікті.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале