15.05.2017, 18:03
Оқылды: 42

Зеленовтықтар командалық есепте жеңімпаз атанды

?

  Қаратөбе ауданында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастырумен «Қалдығайты өзені» экологиялық экспедициясы өткізілді.  


   Өңіріміздің тоғыз ауданынан келген командалар «Таза жағалау» мен «Орал өңірінің жасыл желкені» атты экологиялық акциясына белсене қатысты. Аудан абыройын асқақтатпақ ниетте барған жерлестеріміздің өзі акция аясында 100-ге жуық тал егіпті. Ал ғылыми-зерттеу полигонындағы экологиялық отрядтар арасында «Қалдығайты өзені бассейніндегі биоәртүрлілік» жобасын ойдағыдай қорғап шыққан зеленовтықтар командалық есепте жеңімпаз атанды.

Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале