16.08.2018, 10:31
Оқылды: 47

Зеленовтықтар таңғы жаттығу жасады

 

Zelenov zhattyguЕлімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде аталып өтіледі.  Айтулы күнге орай аудан орталығындағы барлық мекемелер мен бөлім қызметкерлері таңғы жаттығуға шықты.


 

Жас бапкер Асхат Мәжит өткізген таңертенгілік жаттығуға қатысқандардың қарасы көп болды.

Сергіту сағатынан тамаша әсер алған қызметкерлер мен аудан орталығы тұрғындары жанды жадыратып, көңілді сергітер шараны жиі өткізіп тұру керектігін айтады.

Айта кету керек, таңғы жаттығуды өткізуге аудан әкімдігі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мұрындық болды.

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале