22.11.2018, 16:57
Оқылды: 57

Зеленовтықтар танымал дирижермен кездесті

Зеленов ауданына белгілі дирижер, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаты Еркін Нұрымбетов келді.

IMG_6001

 Еркін Шаяхметұлы алдымен аудандық мәдениет үйінде орналасқан «Рухани жаңғыру» кеңсесі жұмысымен танысты. Кейін балалар саз мектебінде өткен «Саз өнерінің сардары» атты кездесу кешіне қатысты.

         -Сыр өңірінің тумасымын. Музыка мектебіне жеті жасымнан барып, жеті жыл білім алдым. Кейіннен Қызылордадағы музыкалық училищеде, одан соң Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесінде оқыдым. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында домбырашы, этно музыкатанушы және оркестр дирижері деген үш мамандық алып шықтым. 2001 жылдан бері Ақжайық өңіріндегі Дәулеткерей атындағы оркестрде қызмет етемін, - деді Еркін Нұрымбетов.

Зеленов аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен өткен шара дирижердің шығармаларымен танысу мақсатында өтті.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

IMG_5916 IMG_5945 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале