16.03.2018, 15:40
Оқылды: 27

Зеленовтықтар жаппай іске кірісті

29217071_2036294740028423_156159500439519232_oЗеленов ауданындағы барлық 22 ауылдық округте су жүлгелері мен арықтарды қардан тазалау жұмыстары басталды.

Биылғы қыстың соңын ала мол түскен қар ауа-райына байланысты тез еритін болса, қарапайым тұрғындарға оңай болмасы анық. Әсіресе, халқы тығыз орналасқан ауылдарда үй маңы мен ауыл көшелерінің қарын тазалап алу бүгінгінің бірінші мәселесіне айналды. Аудан әкімшілігі мен азаматтық қорғау қызметінің ескерту шарасынан соң тұрғындар жаппай іске кірісуде. Еріген қар суын көше бойлай сырғытып, іргедегі өзенге немесе ойпаңға алып қашатын арық көздері түгелдей тазартылып, ауылдардан қар шығарылуда.

Осылайша бейқамдықтың береке бермесін түсінген жұртшылық «қара орманын» қызыл судан қорғап қалуға тырысып бағуда.

Еске сала кетейік, бүгін ауданда көктемгі тасқынның алдын алу бойынша штаб шақырылып, аудан әкімі Асхат Шахаров өзен суы тасуы ықтимал округтер мен еріген қар суынан зардап шегетін аймақтағы жауапты тұлғалардың атқарған жұмыстар есебін тыңдап, сәйкесінше нақты тапсырмалар берген болатын.

Н.Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале