12.12.2017, 14:18
Оқылды: 25

Жəнібек ауданында жергілікті инвестор балабақша салмақ

Бұл жайында Жəнібек ауданының əкімі Азамат Сафималиев Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте айтты.

Ауданда он орта, екі негізгі, 4 бастауыш мектепте  екі мыңнан астам бала оқуда. Тоғыз балабақша мен екі мектеп-балабақша кешеніне, 11 шағын орталыққа 881 бала қабылданған. Тегісшіл елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында 30 балаға арналған балабақша салынбақ. Бұл жобаға жергілікті компания қызығушылық танытқан.

Жəнібек ауданында №1 мектеп базасы кеңейтіліп, бірқатар сынып тереңдетіліп оқытылуда. Бұл мектепке болашақта лицей мəртебесін беру қарастырылады.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале