16.12.2016, 13:56
Оқылды: 54

Жəнібекте жаңа дүкен қызметін бастады

screenshot_2016-12-16-13-40-40-1Бүгін, Тәуелсіздік мерекесі күні, Жəнібек ауданының орталығында кәсіпкер Бауыржан Неғметовтің «Ернар» атты дүкені ашылды.


Аталмыш дүкен сөрелерінде азық-түлік және ет өнімдері қолжетімді бағамен саттыққа шығарылады. Дүкен иесі алдағы уақытта үш адамды жұмыспен қамтымақшы.
screenshot_2016-12-16-13-42-38-1Нысанның ашылу салтанатында Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жаңадан ашылғалы отырған дүкеннің қызметіне сәттілік тіледі.

screenshot_2016-12-16-13-45-09-1Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мен дүкен иесінің әкесі Аменгелді Нығметов лента қию рәсімін жасаған соң, көпшілік жаңа дүкеннен сауда жасауға бет алды.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале