5.12.2016, 13:07
Оқылды: 34

Жүлделі орын - Ернарда

Сырым ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, сонымен қатар  самбо күресінен әлем  чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері  Асқар Шайхиевты, БҚО-ның бірнеше дүркін түйе палуаны, «Сырым» күрес мектебінің негізін қалаушы Оралбек Қожагелдинді, самбо күресінен Азия  чемпионатының жүлдегері, самбо  күресінен халықаралық дәрежедегі спорт  шебері, дзюдо күресінен спорт шебері  Азат Қасымовты еске  алуға  арналған аудандық ашық турнир өтті.

Турнирге  қазақ күресінен  бақ сынасуға облыстың әр түкпірінен  2001-2002 жылдары дүниеге келген 159 жасөспірім спортшылар келіп қатысты. Нақтылап айтсақ, Орал қаласы, Ақжайық, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі, Сырым, Шыңғырлау аудандарымен қоса Ақтөбе және Атырау қалаларының спорт сүйер жастары күш сынасты.

Екі күнге созылған аталмыш турнирде шыңғырлаулық Ернар Жүсіпов  66 келі салмақ бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Оның жеңіске жетуіне әрине, жаттықтырушысы  А.Сарбалиевтың да  қосқан үлесі зор.

    А.Муса

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале