20.12.2016, 16:57
Оқылды: 44

Жәнібекте Мәуліт күні тойланды

m%d3%99ulitӘлемдегі барлық мұсылман елдері жыл сайын хазіреті Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін ерекше түрде атап өтеді. Бұл дәстүр біздің елде де кеңінен таралған. Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінде ағылып келген жамағатқа  Пайғамбарымыздың құрметіне ақ дастархан жайылды.


Аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев Алла тағалаға ғибадат жасағаннан кейін қалың жұртшылық астан дәм татты.

Дастархан басында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов пен ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев барша жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Әрі қарай найб имам Қуандық Насиров хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өмірі мен оның туылған күнін қасиетті мереке ретінде атау үрдісінің ислам әлемінде орын алған кезеңінен бермен қарай баян етіп, хадистерін оқып берді.

Содан соң Пайғамбарымыздың өмірі жайлы сауалдар қойылып, дұрыс жауап бергендерге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Тағылымы  мол рухани шара діни деректі фильмдерді тамашалаумен аяқталды.

С.Сайынұлы

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале