3.12.2019, 15:48
Оқылды: 70

Жәдігерлер жайлы мәлімет берді

Таяуда Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудандық әдістемелік кабинеттің қолдауымен, Т.Жароков атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық қазына» музейдегі жанды сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында аудандық семинар өтті.

janibek muzei (1)

  Семинар барысында меймандарға музейдің қор сақтаушысы Меңдібек Сырымов музейдің экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды тарихи жәдігерлер мен шежірелі деректерге түсінік берсе, музей экскурсоводы Әсел Жәрдемғалиқызы «Ауданның тарихы мен ауыл шаруашылығы», «Ауданның мәдениеті мен білімі, медицинасы», «Қоғамдық-саяси тұлғалар», «Жәнібек ҰОС жылдарында», «Соғыс өрті шарпыған Жәнібек» панорама  залдары туралы жан-жақты айтып берді.

janibek muzei (3)

  Шарада аудандық білім беру бөлімінің әдіскері М.Дүйсекенова семинарды ұйымдастырудағы мақсат-міндеттеріне тоқталса, Т.Жароков атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Г.Аманбаева «Ұлттық қазына» музейдегі жанды сабақтарды ұйымдастыру жолдары», Ж.Қаргин «Мектеп музейінде оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары», Т.Хамитов «Музейдегі жанды сабақ әдістемесі», А.Абдолова «КАХООТ әдісі бойынша бекіту», №1мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Д.Абдолова «Взгляд в будущее» атты тақырыпта шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Л.Қалы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале