24.07.2017, 17:39
Оқылды: 20

Жайық ауылындағы патриоттар форумы

Ақжайық ауданында «Туған жерім - құтты мекенім!» атты патриоттар форумы өтті.


Форумда ауылда дене шықтыру залының жоқтығы айтылды.  Семейдегі әскери қызметтегі Сәндібек Қайыров және көптеген бастамашыл азаматтар туған ауылдағы спортзалдың көтерілуіне үлес қосатынын баяндады. Бүгінде спортзалдың жобасы дайындалуда екен.

– Жайықтықтардың ұйымшылдығына тәнті болдым. Бастаманы сөзсіз қолдаймыз. Жақсылықтың өрісі кеңейе берсін. Келер жылы Жайыққа таза ауыз су келеді. Өзінің кезегімен басқа да игі істер жасалар. Бірлік бар жерде бәрі болады, - деген аудан әкімі Ә.Жоламановтың лебізі тұрғындарды және бір серпілтті.

Осы ауылдан түлеп ұшқан белгілі Жаңылсын Хасанова, Қанат Имашев сияқты әншілермен қатар жергілікті көркемөнерпаздар осындай айтулы бас қосу құрметіне концерт берді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Чапаев ауылы

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале