18.06.2020, 16:15
Оқылды: 48

Жайық ауылындағы сауапты іс

«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді дана халқымыз. Осындай айта жүрер елеулі істі  жуырда аудан орталығының тап іргесінде орналасқан Жайық ауылының тұрғындары жүзеге асырды. Ауызбіршілігі жарасқан жерлестер көп жылдар бойы қоршаусыз тұрған қорымды қоршады.

Aqzhaiyq

Нақтырақ айтсақ,  Қоблан Ержанов пен Жаслан Күнбатыров секілді жаны ізгіліктен жаралған азаматтар бастап, өзге  үлкендер мен жастар қостаған игілікті іс өткен жұмада өз мәресіне жетті. Аталмыш шаруаның басы-қасында жүрген Ж.Күнбатыровтың айтуынша, зиратты қоршау көптен күрмеуі шешілмей жүрген мәселе екен. Айта кетелік,  қажетті материалдарға ауыл адамдары  қаражат  жинап берсе, бүгінде  жырақта жүрген  Сәбит Өтеулиев, Гүлбану Садықова және Ақылбек Мұқтаровтар да бұл сауапты іске      өз үлестерін қосыпты. Осылайша аз ғана күн ішінде  294 мың теңге жиналып, оған  құрылысқа қажетті дүниелер   сатып алынған. Ал ауылдың 1984-1985 жылғы азаматтары құны 100 мың теңге шамасында болатын зиратты қоршайтын бағандар  жеткізіп беріпті. Тағы бір  ауыл түлегі, Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің директоры Қуандық Ғабдушев дәнекерлеу жұмысына атсалысса,  Ғабит Аралов қақпаны дәнекерлеп шыққан.   Мұның бәрі аядай ауыл тұрғындарының өзара ауызбіршілігі мен атамекендеріне деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі демеске лаж жоқ.  Екі күн ішінде аяқталған іске ауылдың үлкендері тіптен дән риза.

Л.Өтегенова,

                                                                       Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале