26.10.2018, 16:09
Оқылды: 33

«Жайық Пресс» медиахолдингінің директоры тасқалалық ардагерлермен жүздесті

Тасқала аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы мен «Жайық Пресс» медиахолдингінің директоры Рауан Сәбитұлы ардагерлермен кездесті.

ардагер2

Дастархан басында жиналған ардагерлер баспасөз саласында өздерін толғандырған ой-пікірлерімен бөлісті. Өңір көлеміндегі көкейкесті мәселелерді дер кезінде көтеріп, халық игілігі үшін атқарылып жатқан қызметке деген оң баға берді.

-Газетті қазіргі жастар оқымайды деп айтпаспын, бірақ әлеуметтік желіні көп қолданады. Сіздер де желідегі өз парақшаларыңызда жаңалық бөлісіп отырасыздар. Жалпы оқырмандарыңыз үшін жағдай жақсы жасалған. Зейнетке шықсақ та қайта-қайта редакцияға барып жазған дүниелерімізді беріп тұрамыз. Олар басылып шыққанда қуанып, еңбегімізді елегендеріне алғыс айтамыз. Жазылған әр дүние халыққа ой саларлықтай болу керек. Қазір аудандық газет бетінде көбінесе тазалық мәселесі көтерілуде. Оның да өзіндік себебі бар. Мақалада айтылған түйінді тұрғындар түсінбей де жатады. Дегенмен, журналистерді оқитын аудитория бар. Сол оқырмандарыңыздың көңілінен шыға бергейсіздер, -десті ардагерлер.

Жиналған қауымға қаламгерлер де танытып жүрген белсенділіктері үшін ризашылық білдіріп, жобаға танытқан қолдауларына алғыс айтты.

ардагер

Назгүл ЖӘРДЕМОВА,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале