21.12.2017, 11:46
Оқылды: 26

«Жайықта қалған мәңгі әуен»

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта өнер дарабоздарының бірі Сайын Құбашевты еске алуға арналған «Жайықта қалған мәңгі әуен» атты зерде сағаты ұйымдастырылды.

 Бұл шараға қатысқан аудан әкімі Әділ Жоламанов еңбегі алысқа танымал сахна саңлағының шығармашылық жолы жас ізбасарлары үшін айтулы мектеп екенін айтты. «Өткенсіз-бүгін жоқ» дегендей, талай өнерпаз жасқа жол сілтеген, өзінің жүрек қалаулы мамандығын, кәсібін адал атқарған, тума қабілетін шындаумен өткен осындай ағалардың еңбегі өнердегі әркімге жол нұсқап тұратын бағдаршам,- деді ол.

Сайын Құбашұлы 1979 жылы Шымкент қаласындағы өнер институтының халық аспаптар оркестрінің жетекшісі факультетін бітіріп, Орал қаласындағы «Тұлпар» ансамбілінің көркемдік жетекшісі болып еңбек жолын бастап, ізденісімен бірден танылды. Содан кейін «Ақжайық» ансамбілінің көркемдік жетекшісі, бұрынғы Ақжайық аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі қызметтерінде де абыройға бөленді.

Шара барысында ағаның өнер жолындағы үзеңгілес достары, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Қанатқали Қожақов, Қуаныш Кипиев С.Құбашевпен бірге оқыған жылдарын еске алды.

Нұрхат МАҒЗОМ

Ақжайық ауланы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале