28.05.2019, 16:05
Оқылды: 27

Жайықтың ақ шағаласы Жәнібекте

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық пен «Құрмет» орденінің және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Ақұштап Бақтыгереева, ақынның өмірлік жары Ғабдырахим Жаңбырбаев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Есенғали Раушанов, «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директорының орынбасары, ақын, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі Ғайсағали Сейтақ Жәнібек ауданына келді.

IMG_0004

Қадірлі қонақтарды аудан әкімі Азамат Сафималиев қарсылап алды. Ақын Ақұштап Бақтыгереева Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова, Ұлы Отан соғысы боздақтарына және ағартушы, ойшыл, ғұлама ақын Ғұмар Қараштың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ал мектеп оқушылары ақын Ақұштап Бақтыгерееваның батыр қызға арнаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Бұдан кейін мәртебелі меймандарды аудан әкімі Азамат Сафималиұлы қабылдады.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы,

zhaikpress.kz

IMG_0016

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале