Желтоқсан айының ортасынан бастап Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылына да қар қалың түсті.
Ауылдық округ әкімі Алмат Қаратаевтің ұйымдастыруымен ауылішілік жолды және Қазталов ауданындағы Еңбек елді мекені арқылы Орал қаласына шығатын грейдерді жақсыбайлық шаруа қожалығының жетекшісі Ғибатолла Мекетаевтің техникасы ашыды. Қазір қалаға қатынайтын жол ашық. Ал электр желісінің үзілуі кезінде Х.Халиуллин атындағы 2036 әскери бөлімінің басшысы, аға лейтенант Махмұт Ыдырыс және ауыл тұрғыны Сағындық Насенов мотошанамен көмек көрсетті.
Л.Халина,
Жәнібек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер