7.05.2020, 10:30
Оқылды: 27

Жақсылық жасауға асығайық

  Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы - игі істерді мейлінше көптеп жасайтын ай. Себебі, бұл айда жасалған әрбір игі іс үшін берілер сауап та молынан. Бұл ретте бірінші болып үлгі көрсететін де, әрине, мешіт жамағаты.

IMG_1703

 Аудандық мешіттің бастамасымен апта сәрсенбісінде шарапаты мол шара бастау алды. Жергілікті жомарттардың көмегімен тұрмысы төмен 35 отбасына тегін азық-түлік таратылды. Атап өтейік, қайырымдылық шараларын өткізу мешіттің игі дәстүріне айналған. Осы Рамазан айында бірнеше мәрте ауызашар беріліпті. Пандемияға байланысты топ болып бас қосуларға тиым салынғандықтан, мешіт қызметкерлері ауыз бекіткен жандарға ауызашардың дәмін үйіне дейін жеткізіп берген.             Шараға ұйытқы болған ауыл азаматтарының айтуынша, мұндай қайырымдылық акциясының жиі ұйымдастырылып тұрғаны абзал. Әсіресе,  аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мұндай көмекке зәру. Әманда қиналған жанға қол ұшын беріп, оған қуаныш сыйлаған жанның үлкен сауап жинайтыны белгілі. Сондықтан әрдайым тек жақсылық жасауға асыққан жөн.       Бұл мақсатта аудандық мешіт ұжымы көрегенділік танытып, баршаға үлгі боларлықтай істер жасап жүргеніне бәріміз куә болып жүрміз.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале