30.11.2016, 20:04
Оқылды: 64

Қазталов ауданында пәтер кілттері табысталды

Тұңғыш Президен күніне орай Жалпақталда төрт пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр пәтер кілттерін табыстап, үй иелерін жаңа қоныстарымен құттықтады.

- Былтырғы жылы Жалпақтал ауылында 14 үй пайдалануға берілсе, биыл жалпақталдықтар тағы да қоныс тойын тойламақ. Жалпы биылғы жылы ауданымызда 34 ірілі-ұсақты құрылыс жұмысы атқарылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын тауып атқарылатын болады. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын,-деді аудан басшысы.

Жалпақтал ауылындағы бұрын құрылысы бітпеген ғимаратты 4 пәтерлі тұрғын үй етіп күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, «Жолаушы-Жол» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Жаңа пәтер алып, мәсе-сәре болып қалғандардың арасында жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, тұрғын үйге мұқтаж және бюджеттік сала қызметкерлері бар.

-Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Жаңа пәтерімізді аралап көрдік. Құрылыс жұмыстарының сапасы көңілімізден шықты. Қонысымыз отбасымызға қуаныш әкелсін,– дейді баспаналы болған Жалпақтал ауруханасының дәрігері Надежда Васильева.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале