23.01.2020, 13:02
Оқылды: 147

Жалпақтал ауылының әкімі есеп берді

Казталов ауданының Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Әлия Жақсыбаева да өткен жылғы атқарылған жұмыстарды саралап, аудан активі мен ауыл тұрғындарын хабардар етті.

terekti novopavlov (3)

Әкім аудандағы ең ірі округ болып саналатын Жалпақтал ауылында былтырғы бюджеттік тапсырылым жүз пайыз орындалып, салық түсімінің көрсеткіші де 105 пайызды құрағанын айтты. Әрі ол ауыл тұрмысының соңғы жылдары жақсарып келе жатқанына тоқталып, ауылдастарын алдағы уақытта да бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

-"Жоспарланған жұмыс көп. Ал оны бір әкімдік өз күшімен жүзеге асыра алмайтыны тағы ақиқат. Сондықтан елдік істе бірлік пен ынтымақ ауадай қажет. Мен сіздерге сенемін, ауылдастар",- деп сөзін түйіндеген ауыл әкімі алда атқарылар ауқымды жұмыстарды да айтып берді.

Есепті жиында сөз алған аудан әкімі Альберт Есалиев аудан көлеміндегі атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, Жалпақтал ауылында жүзеге асар игі істердің барлығы да аудан әкімі назарынан тыс қалмайтынын, түрлі деңгейдегі жұмыстарды бірлесе атқаруға күш салатынын жеткізді.

 

Қыдыр Қаресұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале