10.10.2017, 18:04
Оқылды: 35

Жалпақтал күні аталып өтті

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында ауыл күні тойланып, түрлі спорттық жарыстар өтті.

- Бәріміз күш біріктіргенде ғана ауылымыздың абыройы мен мерейі одан əрі асқақтай түсетініне сенімдіміз. Бар нәрсе бүгінмен емес болашағымен өлшенетінін ескерсек, туған жеріміздің болашағы жарқын, келешегі кемел екендігіне ешкім де шүбə келтірмес. Рухани жаңғыру арқылы əлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бір ту астында бақытқа бірге жетейік. Бүгінгі Жалпақтал күні құтты болсын,-деп құттықтады ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы. Көше мерекесіне белсенділік танытқан 16 тұрғынды және үздік ауланы алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық тарту етті.

Бұл күні арқан тарту, нысанаға доп лақтыру, білектесу секілді спорттық шаралармен қатар шағын футболдан көше тұрғындары арасынан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық сайыста жеңімпаздар мен жүлдегерлер, үздіктер анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мәдениет үйінің алаңы от шашуға ұласып, жалпақталдықтар тамаша көңіл-күймен тарқасты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале