2.06.2017, 10:45
Оқылды: 64

Жалпақтал мешіті рухани кеш сыйлады

Jalpaktal meshiti kesh  Жаратқанның қалауымен бір ай бойы Ораза тұтып, сауабың мол беретін Ораза айт мерекесіне де жеттік. Ораза айының 5-інші күні аудандық мәдениет үйінде Жалпақтал мешітінің ұйымдастыруымен рухани кеш өтті.

   Рухани кеште Рамазан айының қадір-қасиетін ұлықтайтын әуезді әндері, мектеп оқушылары мен студенттер  қойған мұң мен қайғы арпалысқан  «Дерт пен дауа», «Ораза» қойылымдары көрерменнің жүрегінен жол тапты.


 - Ардақты ағайын! Мінекей, мейірімі шексіз Алланың қалауымен қасиетті Рамазан айын өткердік, ұлық мереке – Ораза айтына да жеттік. Сіздерді шын жүректен осы бір ерекше күнмен құттықтаймын. Бұл иісі мұсылман жұрты үшін құрметті болған, қадірлі, һәм қасиетті мейрам. Бүгінгі шараны  да сіздердің, халықтың осы мерекені шынайы сезініп, рухани азық алсын деген ниетпен қойдық. Мерекелеріңіз мүбәрак болсын! -деді Жалпақтал мешітінің имамы Тілепберген Нұрәлиев.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: - Бұл 30 күн Оразада Алла тағаладан елімізге, жұртымызға, барлық мұсылмандарға, барлық халыққа бақытты, тыныш өмір тілейміз. Бүгінгі шарада біз көп дүниені білдік. Рухани азық алдық. Енді осы шараны ұйымдастырған Жалпақтал мешітінің имамы Тілепберген Нұрәлиевке аудан әкімінің және барша халықтың атынан алғысымды білдіремін, -деп алғыс хат табыстады.

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале