23.05.2020, 21:06
Оқылды: 55

Жалпақталда 160 көрерменге шақталған спорт кешенінің іргетасы қалануда

Қараөзен жағасын бойлай орналасқан Жалпақтал ауылында да көңіл қуантарлық істер атқарылуда. Биылғы жылы бұл ауылдың жеті көшесінің жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

IMG-20200523-WA0230

Атап айтқанда, Д.Нүрпейісова, М.Маметова, А.Құсайынов, Д.Фурманов, Жалпақтал, Сламахин, Ғ.Анесов көшелері қатқыл табанды жолмен қамтылып, жаяу жүргінші жолдың да құрылысы жүргізілмек. Бұл жұмыстарға 474 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде 139 жаңа жұмыс орындары ашылып, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 70 адам еңбекпен қамтылмақ.

Осы ауылдан салынады деп жоспарланған 160 көрерменге шақталған спорт кешенінің бүгінде іргетасы қалануда. Мердігер компанияның басшысы Азамат Ғұбайдуллин құрылыс жұмыстарының кестеге сай басталғанын айтты.

- Спорт кешенінің құрылысы сәуір айында басталды. Жақын күндері іргетасын құю жұмыстарын аяқтаймыз. Ғимаратқа қажетті құрастырмалы метал қаңқалар Орал қаласында дайындалуда. Біздің серіктестік бұдан басқа Теректі, Шыңғырлау аудандарында да осындай спорт кешендерін салуда. Құрылыс жұмысын осы жылдың қазан айында толықтай аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз,-дейді «Наурыз» ЖШС директоры Азамат Ахметұлы.

 

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале