28.01.2019, 15:50
Оқылды: 22

Жалпақталда ауыл жастарының слеті өтті

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының Ғ.Молдашев атындағы мектепте жастар жылына орай «Идея. Ізденіс. Шабыт» атты ауыл жастарының слеті өтті. Оған ауылға іргелес жатқан Ақпәтер, Жаңажол, Қарасу ауылдарының жастары қатысты.

jastar (8)

Ауыл жастарының шарасына қатысқан ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин слетке қатысушыларды құттықтады.

Ауыл басшысы кез келген мемлекеттің тірегі жастар екенін, сондықтан жастарға үлкен үміт артылатынын мәлімдеді. Мұндай кездесулердің олардың ой-өрісін кеңейтуге, азамат болып қалыптасуларына пайдасы зор екеніне тоқталды.

Шара барысында READx жобасы өткізілді. Бұл жолғы READx-қа 3 спикер қатысты. Олар өздерінің ішкі жан-дүниелеріне, көзқарасына аса қатты әсер еткен шығармалары мен кітаптары жайында әңгімеледі. Шара соңында тыңдармандар қатысушылармен өзара ақпарат бөлісіп, көрмедегі кітаптармен танысты.

Сонымен қатар «100 кітап, 100 күй, 100 ән» жобасы ұйымдастырылып, жерлес ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қыдыр Абдрахмановпен сұхбат өтті. Жастар слеті спорттық марафонмен аяқталды.

jastar (1) jastar (5)

Тұрарбек Қайырғали,

Жалпақтал ауылы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале