19.06.2017, 11:07
Оқылды: 61

Жалпақталда азық-түлік Ораза кезінде арзан бағамен сатылуда

zhalpaktal imamБұл жайлы Қазталов ауданы Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиев айтып берді.

 - Қасиетті Рамазан айында ауызашар ұйымдастырып жатқан мекеме ұжымдарына, ауылымыздың кәсіпкелеріне және ауыл тұрғындарына алғысымыз шексіз! Олардың ұйымдастыруымен әр сенбі сайын аз қамтылған отбасыларға арнап монша ұйымдастырылса, күнбе-күн облыс орталығына 1 жеңіл көлік жоқ-жітіктерді тегін тасымалдап жатыр. Сонымен қатар ауылымызда 2 дүкен 30 күн ораза бойы халал тағамдарды сатып жатса, 2 дүкен арзан бағамен азық-түліктерді тұрғындарға сатуда. Сондай-ақ мешітіміздің жанындағы медреседе 20 бала дәріс алуда. Балаларды үйретуге арнайы 3 маман алдырдық.  Тағы бір айта кететін жәйт, кәсіпкерлердің демеушілігімен мешіттің ішіндегі кілемдер (ұлттық нақышта жасалған) сатып алынса, абаттандыру жұмыстарына да қаражат бөлінді. Ол қаражатқа мешіттің ауласына төсеуге брусчатка тастар сатып алынды,- деді бас имам.

 Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале