2.05.2018, 15:43
Оқылды: 53

Жалпақталда дарынды балалар байқауы өтті

Жалпақтал балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Көктем шуағы» атты аудандық байқау алғашқы рет Жалпақтал ауылында өтті.

Байқаудың мақсаты - балалардың ой өрісін дамыту, зияткер балалардың қабілетін шыңдалуға ықпал ету, Қазақстандық патриотизмді насихаттау, Отанды сүюге тәрбиелеу, бірлігі жарасқан Қазақстанның жетістіктерін мақтан ету, өнер сүйер жастардың шабытын шыңдау,табиғат ананың көктем мезгілін барынша суреттеу.

Сонымен қатар оқушылардың өнерлерін бағалау арқылы үлкен сахналарға жол ашу, шығармашылық ізденістерін жетілдіру болып табылады.

Байқауға ауданымыздың 8-11 және 12-15 жас аралығындағы балдырған, жеткіншек тобы бойынша 150-ге жуық оқушылары қатысуда. Бұл байқау аспаптық өнер (домбыра, қобыз, басқобыз, баян, прима тағы басқалары), халық аспаптар ансамблі, дәстүрлі ән, терме, жыр (жеке немесе топтық), эстрадалық вокал (вокалдық топ), көркемсөз (поэзия, проза, әдеби компазиция), хореграфия (жеке немес топтық), бейнелеу өнері, қолөнер номинациялары бойынша бақ сынаған өрендер алғыс хаттар мен дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале