19.04.2017, 18:53
Оқылды: 20

Жалпақталда «Қамқор» орталығы ашылды

 

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында «Қамқор» орталығы ашылды. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психневрологиялық ауруы бар мүгедектерге қызмет көрсететін орталықтың жұмысын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырады.  


Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, округ әкімі Самиғолла Ақмурзин қатысты. Олардың айтуынша, орталықтың белсенді жұмысы үшін бар жағдай жасалады. Арнайы мамандар жұмыс істейтін орталықта жұмыс кестесіне сай арнаулы 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале