22.08.2018, 10:17
Оқылды: 81

Жалпақталда Құрбан айт мерекесі өтті

Jalpaktal (2)Мерекелік шараға қатысқан Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков жиналған жұртшылықты ұлық мейраммен құттықтады.


Ауыл әкімінің міндетін атқарушы Меңдіхан Халимуллин жамағатқа құттықтау сөзін арнаған соң, мешіт имамы Тілепберген қажы Нұралиев Құрбан айттың ерекшелігіне тоқталды.

Биылғы айт мерекесінде Жалпақтал мешітіне ағылған мұсылмандардың қатары қалың. Мәдениет үйінің алаңында қазақша күрес, қол күшін сынасу, асық ату, арқан тарту секілді ұлттық спорттық ойындардан сайыс өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар тарту етілді.

Тұрарбек АҚМЫРЗА

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Jalpaktal (3) Jalpaktal (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале