9.02.2018, 18:58
Оқылды: 56

Жалпақталда мал сою алаңы ашылды

Бүгін Жалпақтал ауылында модульді мал сою алаңы ашылды. «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ұсынған кепілсіз несие көмегімен үш ай ішінде тұрғызылған нысан – «Жалпақтал» АӨК мүшелеріне ғана емес, барша ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Шыны керек, ауылда ашылған заманауи мал сою алаңының  маңызы өте зор. Ауылда мал баққан шаруа енді бірлі-жарым малын саудалау үшін қалаға барып сандалып жүрмейді. Оның үстіне мал сою бекеті жанында болашақта – шұжық цехы, ет және асханасы мен қонақүйі болмақ.

Мал сою алаңының ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков кәсіп иелерін ашылу салтанатымен құттықтады.

- Тәулігіне 10-15 бас ірі қара малын соятын модулдік мал сою пунктінің құрылысы өткен жылдың қараша айында басталып, қысқа мерзім ішінде пайдалануға беріліп отыр. Бұл ауыл тұрғындарының қуанышы, баршамыздың қуанышымыз. Жаңадан ашылған модульдік мал сою пунткінің жұмысы жанданып, тұрғындарға қызмет көрсетуде жаңа жетіктіктерге жете берсін,-деді Абат Абайұлы.

Тез құралатын қабырғалардан тұрғызылған қасапханада тәулігіне 10-15 ірі қара союға болады. Ет сақтайтын тоңазытқышы және бар. «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ұсынған 19 млн.700 мың теңге несие алған.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале