4.12.2017, 17:01
Оқылды: 33

Жалпақталда мейрам күні үш сәби дүниеге келді

Тұңғыш Президент күні Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде 3 нәресте өмірге келді.

Аналарды Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы, Жалпақтал аналар кеңесінің мүшесі Ұлданай Неталиева құттықтады. Мейрам күні дүние есігін ашқан сәбилердің біреуі ер бала болса, екеуі қыз бала. Нәрестелердің денсаулықтары жақсы, аналары өздерін жақсы сезінетіндерін жеткізді.

-Жыл басынан бері Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде 249 сәби дүниеге келді. Биылғы жылы ана мен бала өлімі тіркелген жоқ,-дейді бізбен әңгімелескен Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы.

-Бұл күн біз үшін тек мемлекеттік мереке ғана емес, отбасылық айтулы оқиғаға айналды. Ұлт Көшбасшысы ұлықталатын күні алтыншы перзентім, қызым өмір есігін ашты. Барлық дәрігерлерге алғысымды айтамын. Әр шаңырақта дені сау балалар көп болсын,-дейді Көктерек ауылдық округінің тұрғыныАйнұр Қайырлиева.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале