8.10.2018, 11:36
Оқылды: 86

Жалпақталда «Мен іздеген қазына» кітабының тұсауы кесілді

Қазталов ауданы, Жалпақтал ауыл күні мерекесіне орай жерлесіміз Ақтөбе қаласындағы «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы, Қазақ спорты және туризм академиясының профессеры Мұсағали Тасқалиевтың «Мен іздеген қазына» атты кітабының тұсауы кесілді.

qazyna

Жалпақтал мәдениет үйінде өткен жерлес ақын Мұсағали Тасқалиевтың «Мен іздеген қазына» атты жыр жинағының тұсау кесу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, ақынның сыныптасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Есмағұлов ақынға қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.

Мұсағали Тасқалиев 1970 жылы 3 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, бұрынғы Жалпақтал ауданы,Талдыапан ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын әдеби қызметкер болып бастаған қызметінде тілші, редактордың орынбасары болып,23 жасында аудандық Жалпақтал өңірі газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Кейін Ақтөбе қаласына қоныс аударып Ақтөбе бойынша газеттердің меншікті тілшісі болып еңбек етті. Ақын өлең жолдарын жеті жастан бастап жаза бастағанын жеткізді. Өлеңдерінің басым көпшілігі махаббат, жер, отан турасында жазылған. Айта кетейік, ақынның 18 туындысына ән жазылған. Шара барысында ақынның әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.

Шара соңында,ақын Мұсағали Тасқалиев шараның ойдағыдай өткенін айтып, осындай маңызды сәтте қолдау білдірген барша жандарға алғысын айтып, бір топ жерлестерді «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін», «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін», «Өнерге қосқан үлесі үшін», «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапаттады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале