20.12.2017, 17:55
Оқылды: 39

Жалпақталда сауда орындары ашылды

 

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінде жергілікті кәсіпкер Альбина Сәрсенғалиева  «Жалпақтал» шағын сауда орталығын ашты.

Дүкенде киім-кешек, тұрмыстық химия сатылады. Сонымен қатар бұнда нан өнімдерін пісіріледі. Орталықта жалпы тауардың 10000 түрі бар.

-Бүгінгі таңда 8 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Толықтай заманауи техникалармен жабдықталып, осы сауда орталығында нан өнімдері өндіріледі. Ашылу күніне орай ең көп сауда жасаған тұтынушыға сыйлықтар беріледі,-деп бізбен әңгімелескен жеке кәсіпкер Альбина Сәрсенғалиева өзінің жұмыс жоспарымен бөлісті.

Жаңажол ауылында да жаңа дүкен пайдалануға берілді. Жаңа дүкеннің иелері ерлі-зайыпты Талғат Аманжолов пен Айнұр Жақсыбаева.

Бүгінде Жаңажол ауылдық округінде 9 жеке кәсіпкер жұмыстанып келеді. Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тілепберген Қонысов кәсіпкерге ісіне сәттілік тіледі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале