24.01.2018, 11:40
Оқылды: 18

Жалпақталда спорт кешені салынады

sport2Қазталов ауданы округі əкімдерінің есеп беру кездесулері жалғасуда. Осындай есепті кездесу Жалпақтал ауылында өтіп, бұл жиынға аудан əкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Жалпақтал ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжаты жасақталған. Ал округ орталығына 12 пәтерлі 2 қабатты үш тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілері құжаттары дайындалуда.

Биыл Жалпақтал ауылы еліміздегі тұрғындары 5000-нан асқан ауылдардың бірі ретінде өзінің дербес бюджетін қалыптастыруға көшуде. Ұлт жоспарына сай реформалармен қолға алынған бұл өзгерісті де жамағат өркендеудің зор кепілі деп қабылдады. Әрине, бір жағынан дербес бюджет ауыл басшысына да, қосшысына да үлкен сынақтың бірі. Салық түсімі молаюы үшін ілгері істерде, кәсіпкерлікте серпіле түсу керек, - деді округ әкімі Самиғолла Ақмурзин.

Одан әрі Абат Абайұлы 2017 жылы аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды істер мен атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале