12.04.2019, 17:47
Оқылды: 52

Жалпақталда үйі өртенген отбасыға көмек көрсетілді

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының тұрғыны Қарлығаш Бейімованың жуырда тұрғын үйінің бір бөлмесі өртеніп, дүние-мүлкі жарамсыз боп қалды. Абырой болғанда, кісі шығыны болған жоқ. Тілсіз жау электр желісінің қысқаша тұйықталуынан болған. Қазіргі таңда ананың жағдайы ауыл тұрғындарын бей-жай қалдырмай, көмек көрсетілуде.

otr (2)

Бүгін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, «Жалпақтал-көмек» қорының жетекшісі Амангелді Кәкімов, Жалпақтал ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ғилым Едекешев арнайы барып, қал-жағдайларын сұрап, көмек көрсетті.

-Ауылдың ортасында отырғаннан кейін біздер бей-жай қарамай, барымызды салып «Жалпақтал-көмек» қоры арқылы және аудандық ақсақалдар алқасы атынан көмек көрсетуді жөн көрдік,-деді Нағым Ризуанов.

Қарлығаш Бейімованың отбасы көрпе-жастықпен, басқа да үйге және тұрмысқа қажетті заттармен қамтылды.

-Аудан тарапынан тұрғын үйді жөндеуге көмек көрсетілетін болады. Балаларына сабаққа қажетті оқу құралдары беріледі. Сонымен қатар ауылымыздағы мекеме-кәсіпорын қызметкерлері арқылы қайырымдылық көмек көрсетіледі,-дейді ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы.

Қарлығаш ана жәрдемдескен ауылдастарына және қол ұшын созып жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Тұрарбек Қайырғалиұлы,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

otr (3)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале