27.08.2018, 12:14
Оқылды: 67

Жалпақталда жәрмеңке өтті

Жалпақтал ауылында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

сауда (2)

Жаз айының шілдесінен бастап ұйымдастырылып отырған ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Жалпақтал жұртшылығы ерекше ықылас танытты. Тұрғындар ауылдан келген өнімді әп-сәтте алып кетті.

            Жәрмеңкеге қатысқан шаруа қожалықтар қауын мен қарбыз, құрт пен қаймақ, май, қияр мен қызанақ, алмұрт сатты. Тіпті кейбір округтер қоян мен қаздың да саудалады. Шаруа қожалықтары бір орам мал азығын 2500-3000 теңгеден өткізді. Таң сәріден басталған жәрмеңкеге келген шаруалардың біразы түске дейін өнімдерінің біразын өткізіп үлгерді.

- Жалпы бүгінгі жәрмеңкеге Жалпақтал, Қараөзен, Жаңажол, Ақпәтер, Көктерек ауылдық округтерінің кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары қатысуда. Бағалары көңілге қонымды. Жәрмеңке әр сенбі сайын өткізіліп келеді. Халық үшін өте пайдалы,-дейді Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Меңдіхан Мұқасұлы.

Төмен бағамен азық-түлік алған халық риза. Шара тұтынушылардың көңілінен шықты. Сондай-ақ, Жалпақтал мәдениет үйінің үйінің ұжымы концерттік бағдарлама, жастары лоторея ойынын ұйымдастырды.

Тұрарбек АҚМЫРЗА,

 Жалпақтал ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале