4.10.2017, 17:48
Оқылды: 24

Жалпақталда жерлестер жүздесті

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбековтың бастамасымен «Туған жерге тағзым» аясында ауданымыздың Жалпақтал ауылында облыстық жерлестер форумы өтуде.


Бүгінде ауданымыздың Жалпақтал ауылында игі шаралар жүзеге асуда. Форумға еліміздің түкпір түкпір жүрген жерлестер бас қосуда. Форумға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов қатысып, жерлестермен жүздесті.

Келген қонақтарды Жалпақтал ауылының шетінен қарсылап алған аудан басшысы Абат Абайұлы қош келдіңіз айтып, ауыл ішін аралаудан бастады. Ең алдымен келген меймандар Кеңес Одағының Батыры Ахмедияр Хұсайыновтың, Социалистік Еңбек Ері Кенжебек Меңдәлиевтің кеуде тұғырына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұдан кейін қонақтарымыз К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің мұражайын аралап, жәдігерлермен танысты.

Жалпақтал ауылындағы «Туған жерге тағзым» аясында салынған әлеуметтік нысандар оның ішінде ең алғаш акциясын бастаған 1969 жылы туылған перзенттердің алаңы мен су бұрқағын, 1977 жылдары туған азаматтардың футбол алаңы мен 1978 жылы дүниеге келген перзенттердің ойын алаңын аралады.  1979 жылы дүние есігін ашқан перзенттердің және 1980 жылы туған азаматтардың өз қаражаттарына салған туындыларын тамашалады. Орталық алаңда он алты округ әкімдері округтерде «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан көлемінде жүзеге асырылатын жобалармен таныстырды. Келген меймандарымыз Ақпәтер ауылында абс қосып, Ақпәтер ауылдық тарихи өлке тану мұражайымен, «Ана мен бала» монументімен танысты.

Қазіргі уақытта Жалпақтал мәдениет үйінде, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің акт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жобалары мен тәсілдеріне арналған семинар-тренинг өтуде.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Мөлдір Әнуарбекқызы,

Қайрат Жақып

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале