8.12.2017, 11:13
Оқылды: 18

Жалпақталдан жүлдемен оралды

Жуырда Қазталов ауданы, Жалпақтал ауылында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Қажиақпарұлы Қауменовтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2002-2004 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында облыстық турнир өтті.

Турнирге Ақжайық, Зеленов, Бөкей орда, Бөрлі, Қаратөбе, Жәнібек, Жаңақала, Қазталов аудандары және Орал қаласынан жас палуандар қатысты. Екі күнге созылған  тартысты турнирде 280-ге тарта палуан бақ сынады.

Айта кетейік, бұл сында аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Замир Батыров пен жаңажолдық Айбек Ишанов баптап-баулыған біздің балғын палуандар жеңістің биік тұғырынан көрініп, қанжығаларын майлап қайтты.

Атап айтсақ, 38 келі салмақ дәрежесінде Рахат Замирұлы III орынды, Заманбек Саматов (Айдархан орта мектебі) II орынды олжаласа, осы салмақта белдескен Жалғас Тілекқабылов жарыстың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, 50 келі салмақта Азамат Бейбітов II орынды, 51 салмақта Рауан Қуанов (Айдархан орта мектебі) III орынды, 55 келіде мұқырлық Бейбарыс Жұмағалиев II орынды, +55 келі салмақта Нұрлан Жұмағұлов II орынды, осы салмақта Амандық Қадыров III орынды иеленді.

Ал қыздар арасында 38 келі салмақта Әсем Бейсенғалиева III орынды місе тұтса, 46 келі салмақта сарыкөлдік Жанаргүл Қажығалиева II орынды, 40 келі салмақта жаңажолдық Лунара Шәмшиева I орынды иеленді.

 

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале