20.04.2017, 10:49
Оқылды: 19

Жалпақталдық оқушылар «English club» курсын тәмамдады  

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінде арнайы ағылшын тілі курсын аяқтаған оқушыларға сертификат табыс етілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, ата-аналар қатысты.

2016 жылдың ақпай айынан бастап Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігінде арнайы ағылшын тілін оқыту бойынша курс ашылған болатын. Балаларға сабақты ағайынды Гүлбара, Асылзада Лұқпановалар берді.

Сонымен қатар осы кездесуде округ әкімі Самиғолла Ақмурзин «English club» курсының бірінші олимпиадасында үздік бағаланған оқушыларды марапаттады.

-Мен өзім сүйікті ісіммен айналыссам деп армандадым. Арқалық қаласыннан ағылшын тілі бойынша жоғарғы оқу орынын бітіріп келген жылы Орал қаласында лингвистикалық орталыққа ұстаз болып жұмысқа орналастым. Содан ауылдық жерлерде осындай ағылшын тілі курстарын ашсақ деген ой туындадым. Сіңлімнің көмегімен, ерік-жігерінің арқасында былтырғы жылы ағылшын тілі курстарын бастап кеттік,-дейді ағылшын тілі курсын ұйымдастырушы Гүлбарам Лұқпанова.

Бүгінде ағылшын тілін ұйымдастырушылар алты деңгей бойынша білім алу жоспары бекітілген. Қазіргі күні оқушылары І деңгей бойынша білімдерін тәмамдаған. Әрі қарай алты деңгейді аяқтап шығуларына оқушылардың толықтай мүмкіндіктері бар.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале