29.05.2018, 17:15
Оқылды: 39

Жалпақталдық түлектер ауызашар беріп, қайырымдылық жасады

1981 жылы дүниеге келген, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған Жалпақтал ауылының түлектері ауызашар берді. Олар сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қамтылған он отбасыға азық-түлік үлестірді.

1998 жылғы түлектер жинаған 250 мың теңге қаражатқа азық-түлік алынды.

-Жалпақтал ауылының қос білім ордасын 1998 жылы бітірген түлектер осындай қайырымдылық шарасын өткізіп, Рамазан айында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді қолға алған болатынбыз. Әр отбасының шаңырағында қуаныш болсын. Береке болсын,-дейді түлектер.

-Қасиетті Рамазан айында біз секілді аз қамтылған отбасыларға жасап жатқан көмектеріңізге рахмет. Армандарыңыз орындалсын! Көмек қолын созып, осындай бастама көтерген 1998 жылғы мектеп түлектеріне ризашылығымыз шексіз,-деген отбасылар алғыстарын жаудырды.

Сонымен қатар осы күні Жалпақтал мешітінде ауыз бекіткен жамағатқа 1998 жылғы түлектер ауызашар берді.

Аман ЕСЕН,

Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале