8.10.2018, 11:29
Оқылды: 56

Жалпақталдықтар жүгіруден жарысты

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылы күнін тойлау жүгіру жарысынан басталды.

jugiru (1)

Мәдениет үйінің алаңына жиналған мектеп оқушылары және 18 жастан жоғары ауыл тұрғындары жаяу жүгіруден жарысқа қатысты. Мектеп оқушылары К.Меңдәлие көшесі арқылы, Д.Фурманов, С.Датұлы, Байқоңыр көшелері арқылы жүгіріп өтті.  Мәре сызығын бірінші болып Дамир Серіков кессе, екінші орынды Қайсар Бисенов алды, ал үшінші болып Гүлсезім Даулетярова келді.

Ал 18 жастан жоғарылар арасында үшінші болып Тұрарбек Махамбетов келді. Екінші орынды Абулхайыр Амангелдиев алса, мәре сызығын бірінші болып Еркебұлан Берқайыров кесті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале