30.11.2019, 19:46
Оқылды: 349

Жалпақталдықтарға «Нұрлы жер» арқылы 12 пәтер берілді

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын кемінде алты миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру туралы тапсырма берді.

IMG-20191130-WA0113-800x534

Ол бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып келеді. Соңғы жылдары мемлекетіміздің береке-бірлігінің арқасында көптеген игі шаралар ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлауда.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында бүгін Жалпақтал ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көп балалы отбасыларға, әлеуметтік жағынан қорғалуға жататын топ мүшелеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арнап салынған он екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

IMG-20191130-WA0111-800x534
Өткен жылы да Жалпақтал ауылынан он екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген еді. Биыл сол үрдіс тағы да жалғас тауып, ауылдастарды қуанышқа бөледі.

IMG-20191130-WA0109-800x450
Пәтер кілттерін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев үй иелеріне өз қолымен табыс етіп, қоныстой иелерін құттықтады.
Аталмыш тұрғын үйді «Kazakhstan GIGA Trade» ЖШС мердігер атанып, уақытында сәтті аяқтады.

Қыдыр Харесұлы

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

IMG-20191130-WA0112-800x534

IMG-20191130-WA0107-800x534IMG-20191130-WA0110-800x534

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале