14.08.2018, 12:58
Оқылды: 22

Жамбыл ауылында кәсіпкердің демеуімен спорт алаңы ашылды (СУРЕТ)

Сырым ауданындағы Жамбыл ауылында жазғы спорт алаңы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасының аясында ауылдың тумасы, кәсіпкер Әділбек Қайырлиевтің тікелей демеушілігімен және ауыл азаматтарының қолдауымен салынып отыр.

 Спорт алаңының салтанатты ашылуы рәсімін ауыл тұрғындары Берік Өтемұратов пен Мерген Әділгереев жүргізді. Шараға қатысқан Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов өзінің құттықтау сөзінде, азаматтардың туған ауылын түлету үрдістері Сырым ауданының әр ауылдық округінде көрініс тауып жатқанын, Жамбыл ауылы соның жарқын дәлелі екендігін айтты.

-Көктемде Бұлан ауылдық округінің орталығында жерлестер форумы өтті. Форумнан үлкен әсермен қайттық. Сол әсеріміз кейін спорт алаңын салуымызға себепші болды. Туған ауылына жақсылық жасасам деген ниет әркімде де болады ғой, жаңағыдай шаралар нақты іске құлшындырып жібереді екен.

Салынған спорт алаңы – бір адамның жасаған жұмысы емес. Құрылысқа әрбір жамбылдық үлесін қосты. Біреуі қаржылай көмектесті, біреуі жаз бойына құрылыс жұмыстарының басында жүрді. Өзім еңбегі сіңді деп Жеңіс Өтешов, Қайрат Бақтығазиев, Алтай Мырзахмет, Кенжетай Дүйсеновтердің есімін ерекше атар едім. – деді ашылу шарасында сөз сөйлеген жобаның демеушісі, кәсіпкер Әділбек Қайырлиев.

IMG_0964Бұлан ауылдық округінің әкімі Тимур Құбаев демеуші кәсіпкердің өзіне және алаң құрылысына белсенді атсалысқан ауыл азаматтарына алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар, жаңа алаңға ауыл әкімі көрімдік ретінде доптар сыйлады.

Айта кетейік, жаңа спорт нысаны шағын футбол алаңы, жүгіру жолағы, көше гимнастикасына арналған StreetWorkout алаңы мен балалар ойын алаңынан тұрады. Балалар алаңындағы әткеншектер жамбылдық шаруалардан құралған «БұланБолашақ» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің қаржысына орнатылыпты. Жамбылдықтар алдағы уақытта футбол алаңына жасанды шөп төсеуді жоспарлап отыр.

Салтанатты ашылған күні жаңа алаңда ауыл жастарының ұйымдастыруымен спорттық жарыстар өтті.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

IMG-20180813-WA0050

IMG_20180812_105339
IMG-20180813-WA0049 IMG_1029 IMG_1035

IMG-20180813-WA0036

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале